1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтауда жасөспірім 58 жастағы әйелді көлікпен үш рет басып кеткен23 қыркүйек 2020, 08:13

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім 58 жастағы әйелдің үстінен Volkswagen Jetta көлігімен үш рет өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымы мен "Хабар-24" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 2 ай бұрын № 9 шағынаудандағы № 18 үйдің ауласында болған. Зардап шеккен әйелдің қызының айтуынша, әйелді көліктің астында қалдырған. Оның бес қабырғасы сынған және басқа да жарақат алған.

"Жүргізуші басында қашып кеткен, кейін оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Оны әкелді және анасы кешірім сұрауын өтінді. Кейін менің анам оған дұрыс айдамағаны үшін ескерту жасағанын айтты. Себебі аулада басқа да көліктер болған. Ол анамның айтқанына қарсы келіп, қағып кеткен, тағы артқа жылжып қайтадан анама қарай айдаған және көлікті анамның үстіне қойған. Анама сол жерде болған бала көмектескен. Ол жасөспірімді көліктен тартып шығарып, көлікті алып, анамды астынан шығарған. Мұндай қылмыс жасаған адамды қалай атау керегін білмеймін. Бірақ жасөспірім жасаған қылмысы үшін әкімшілік жауапқа тартылмауы керек, өз жазасын алуы керек", - деді Майина Ағаларова.

Оның айтуынша, полиция көлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

"Жасөспірімге көлігін тізгіндеуге бергені үшін көлік иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған... Жасөспірімге көлік кілтін берген адам және көлікпен қаққан адам заң бойынша жауапқа тартылғанын қалаймыз", - деді зардап шеккен әйелдің қызы.

Аймақтық полиция департаментіндегілер жақын арада оқиғаға байланысты пікір білдіретінін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады