26 тамыз 2021 13:27

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда куәгерлер жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда куәгерлер жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасындағы төбелес 26 тамызға қараған түні 6-ықшамаудандағы №22 және №23 үйлер арасында болған.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл оқиға бойынша кезекші бөлімге қоңырау түспеген.

"Полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеріп, жанжалға қатысушыларды анықтап жатыр", - деді департаменттегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Алакөлдегі кафелердің бірінде жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі төбелеске қатысы бар адамдардың бәрі анықталғанын хабарлады. Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети