23 сәуір 2020 12:09

Ақтауда жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz.


Ақтауда жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 22 сәуірде "Достық" сауда үйінің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жол апатынан полицей зардап шекті. Ол Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.

Өңрілік полиция департаментіндегілер полицейді қағып кеткен Toyota Hilux жүргізушісінің ұсталғанын айтты.

"Шамамен сағат 21.15-те 26-ықшамауданда "Достық" сауда үйінің маңында 54 жастағы жүргізуші бекетте тұрған полицейді қағып кетті. Жол апаты салдарынан полицейлер жеңіл деңгейдегі жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді өңірлік полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети