18 мамыр 2015 22:19

Ақтауда жүргізуші жол апатынан кейін бір әйелге балта ала жүгірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bloknot.ru ©Bloknot.ru

Ақтауда жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін бір әйелге балта ала жүгірді, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.


Ақтауда жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін бір әйелге балта ала жүгірді, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Алдына ала мәлімет бойынша, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында тұратын 37 жастағы әйел зардап шеккен жоқ. Ол тәртіп сақшыларына көмек сұрап хабарласты. 

Осы дерекке сәйкес, күдікті ұсталды, ол Ақтаудың 1-ші шағын ауданында тұратын 29 жастағы тұрғын болып шықты. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. Жауап алу кезінде ер адам өзі түскен жол-көлік оқиғасынан кейін қатты ашуланғанын айтып берді. Оның пікірінше, жол апатында екінші автомобильдің тізгінінде отырған әйел кінәлі. Ер адамға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети