09 қыркүйек 2021 11:49

Ақтауда қанаты кесілген бірқазан құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр 24.kz Кадр 24.kz

Ақтау тұрғындары қанаты кесілген бірқазан тауып алды. Құсты Алматы хайуанаттар бағына тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтау тұрғындары қанаты кесілген бірқазан тауып алды. Құсты Алматы хайуанаттар бағына тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Каспий жағалауында жүрген бірқазанның видеосы жарияланды. Желі қолданушылары бірқазан негізінен Каспийдің оңтүстігін мекендейтінін жазған. Нәтижесінде экологтар құрылыс алаңдарының біріннен құсты ұстап алған.

Құс ветеринар маманға тапсырылған. Оның айтуынша, бірқазан ашығып, әлсіреген. Ол терідегі жәндіктерге қарсы арнайы препараттармен өңделген. Ветеринар бірқазан балық пен асшаяндарды жақсы көретінін айтты. Құстың қанаттары кесілген, бірақ оны кім істегенін анықтау мүмкін болмаған. 

"Біз құсты Алматы хайуанаттар бағына тасымалдау мүмкіндігін қарастырып, қаражат жинап жатырмыз. Көмек көрсеткісі келген адамдар өзі қалаған соманы қоса алады", - дейді эколог Әділбек Қозыбақов.

Олар бірқазанды 10 күннен кейін жаңа орынға көшіруді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети