12 қазан 2020 16:34

Ақтауда карантин кезінде 100 адамға той жасаған мейрамхана әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтауда 100 адамға той жасаған мейрамхана иесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығына" сілтеме жасап.


Ақтауда 100 адамға той жасаған мейрамхана иесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығына" сілтеме жасап.

Жексенбі күні маңғыстаулық полицейлер мен қоғамдық коммуникация орталығының түсілім тобы Ақтаудағы мейрамханаларға рейд жүргізді. Шара барысында 100-ге жуық адамға той жасаған тағы бір мейрамхана анықталды.

"Ақтау қалалық полиция бөлімінің инспекторлары карантин режиміне қарамастан той өткізген мейрамхана әкімшілігіне хаттама толтырып, айыппұл салу үшін Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Карантин тәртібін бұзып, той жасаған кәсіпкерлерге 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады", - делінген хабарламада.

Мониторингтік топ өкілдері күн сайын күшейтілген режимдегі рейд жұмыстарын жалғастырады.

Еске салайық, Маңғыстауда 13 қазан 00:00 сағаттан бастап карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.

Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21:00-ге дейін қысқарады. Яғни, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети