Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды "Лада".
Газ баллоны 8 қазан күні түнгі сағат 02.30 шамасында 4-ықшамауданындағы тұрғын үйдің 10-қабатында жарылған. Тұрғындардың айтуынша, олар қатты шыққан дыбыстан ояныпты. Маңғыстау облыстық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, түтін тұрғын үйдің бірнеше қабатына таралған. Жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде жеке үйдегі газ баллоны жарылған болатын. Төтенше оқиға салдарынан алты адам зардап шекті.