08 желтоқсан 2014 19:32

Ақтауда көппәтерлі үй өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©twitter.com/aidashov ©twitter.com/aidashov

Ақтаудың көппәтерлі үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтаудың көппәтерлі үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 17.30 шамасында шықты. Өрт Ақтаудың 13-ықшамауданындағы №23 үйінде болды. Жергілікті тұрғындар бастапқыда пәтердің өртенгенін, содан кейін жалынның шатырды шарпығанын айтты. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері, полиция мен жедел қызмет бригадалары жұмыс істеп жатыр. Үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтау үшін күресіп жатыр. Жапа шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, өрт шамамен 800 шаршы метрді шарпыды, қазір өртті ауыздықтауға 12 техника мен жеке құрамның 70 маманы қатысып жатыр. Өрт кезінде көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды. 

 

Бұған дейін Ақтауда №24 балабақшада өрт шыққан еді. Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаменті балабақшаның ойыншықтар жатқан үшінші қабаты өртенгенін хабарлаған болатын. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері өртті үй жылыту аппаратының кесірінен шығуы мүмкін екенін айтты. Ғимараттан бес адам эвакуацияланды. Балабақшадағы өртті сөндіруге екі дана техника мен үш автоцистерна жұмылды. Оқиға кезінде ғимаратта балалар болмаған. Үш бөлмені жалын шарпыды. Сонымен қатар, осыдан үш жыл бұрын бұл балабақшада түтін шыққаны жайлы хабарланды. Кейін оның жертөледе қандалаларды улау шарасынан болғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети