20 сәуір 2024 11:33

Ақтауда қыз бесінші қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© depositphotos.com © depositphotos.com

Ақтауда 18 жастағы қыз тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқиға 16 сәуірде, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 4-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда 18 жастағы қыз тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқиға 16 сәуірде, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 4-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кезінде жәбірленушінің жанында екі дос болған. Басылым дереккөздерінің мәліметінше, құлағаннан кейін қыз біраз уақыт шок күйде болған, тіпті тұруға тырысқан. Ол жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегінен бас тартты. Алайда дәрігерлер бірден ауыр жарақатты анықтап, жәбірленушіні ауруханаға жеткізгені айтылды.

"Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Диагнозы: аралас жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ми жарақаты, жабық кеуде жарақаты, оң жақ қабырғасының жабық сынуы, оң жақта гемопневмоторакс, іштің жабық жарақаты, бауырдың жарылуы, оң жақ мықын сүйегінің сынуы, оң жақ білек сүйегінің жабық сынығы", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети