17 сәуір 2019 16:36

Ақтауда өлген балықтар мен шаяндар жағалауға шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: inaktau.kz Фото: inaktau.kz

Ақтауда өлген балықтар мен шаяндар Каспий теңізінің жағалауына шығып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИнАктау сайтына сілтеме жасап. 


Ақтауда өлген балықтар мен шаяндар Каспий теңізінің жағалауына шығып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ИнАктау сайтына сілтеме жасап. 

16 сәуірде Каспий жағалауына шығып қалған теңіз мекендеушілерін қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Қазір Маңғыстау облысы экология департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. 

Департамент басшысының қызметін атқарушы Руслан Төкенов кеше мамандар су сынамасын алғанын мәлімдеді. 

"Енді сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Мамандар жұмыс істеп жатыр", - деді Руслан Төкенов. 

Естеріңізге салсақ, 11 наурызда жағалауға шаяндар шығып қалған болатын. Сол кезде экологтар мұның қалыпты құбылыс екенін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети