24 қараша 2015 09:33

Ақтаудағы бинго-клубта болған төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Ақтауда көңіл көтеретін орындардың бірінде болған төбелес бақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға 13 қараша күні болса да, бұл туралы енді белгілі болды, - деп хабарлайды "Тумба".


Ақтауда көңіл көтеретін орындардың бірінде болған төбелес бақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға 13 қараша күні болса да, бұл туралы енді белгілі болды, - деп хабарлайды "Тумба".

Портал редакциясына куәгер жіберген видеодан төбелестің ойын ғимаратының маңында болғанын көруге болады. Жас жігіт тағы бір келушіге жұдырық ала жөнелді. Екінші адам мас болғандықтан жауап қайтара алмаған болуы керек. Шабуыл жасаған жігіт қарсыласының бетінен бірнеше рет тепті. Видеодан екінші келушінің қалтасынан ойын қағаздарының түсіп қалғаны, шабуыл жасаған жігіттің оны өзінің қалтасына салып алғаны анық көрінген.

Осыдан кейін төбелес тыйылғандай болды. Дегенмен біраздан кейін қайта жалғасты. Роликтің соңында жас жігіттердің ғимаратқа кіріп бара жатқаны көрінген.

"Лада" порталының мәліметінше, оқиға болған "Империал" бинго-клубы төбелестің сыртта болғанын айтып, түсінік беруден бас тартты. Маңғыстау облысы ІІД оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети