04 тамыз 2020 | 17:41

Ақтаудағы жерлеу рәсімі: марқұмның әпкесі үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марқұм Бибіжамал Аблазимованың әпкесі Гүлжан Сырбайқызы Маңғыстау облысының тұрғындарына видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Марқұм Бибіжамал Аблазимованың әпкесі Гүлжан Сырбайқызы Маңғыстау облысының тұрғындарына видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол марқұм әпкесінің қандай өсиет қалдырғанын айтты.

"Айналайын халқым, теріс түсінбеңіздер. Мен сізден кешірім сұраймын. "Шарықтарым, мен ұзаққа бармаймын. Енді кешіріңдер. Маған біреу келіп, ауырып қалмасын, Алладан тілерім сол" деген ол кісінің тілегі бар еді. Сіздер осы жағдайға түсіністікпен қараса деймін", - дейді Гүлжан Сырбайқызы.

Сондай-ақ, ол өңір халқынан кешірім сұрап, санитарлық талаптың орындалғанын атап өтті.

"Бүгін әулетемізде адам қазаға ұшырап, ауыр жағдайға тап болып жатырмыз. Өмірден қайтқан кезде ешкімді шақырған жоқпыз. Біз есігімізді келген адамға "Кет!" деп жаба алмадық. Бірақ барлық санитариялық талапты ескердік. Есік алдына 4-5 адамды қойдық", - дейді марқұмның әпкесі.

Ақтаудағы жерлеу рәсімі: ІІМ қызметтік тергеу бастады

Еске салайық, осыған дейін Astana TV телеарнасы Ақтауда тұрғындардың бас полицей мен бас санитар дәрігердің қызметтен кетуін талап еткенін хабарлаған. Себебі, облыста бұрынғы бас полицейдің анасы қайтыс болған. Шектеуге қарамастан жерлеу рәсіміне көп адам жиналған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети