1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтаудағы жерлеу рәсімі: ІІМ қызметтік тергеу бастады04 тамыз 2020, 12:16

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы жерлеу рәсіміне қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтау қаласындағы жәрлеу рәсіміне адамдардың жаппай жиналуына қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды", - дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген.

"Адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Алайда өңірде қатаң шектеу шараларының енгізілуіне қарамастан Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша уақтылы шараларды жүргізбеген", - дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін Astana TV телеарнасы Ақтауда тұрғындардың бас полицей мен бас санитар дәрігердің қызметтен кетуін талап еткенін хабарлаған. Себебі, облыста бұрынғы бас полицейдің анасы қайтыс болған. Шектеуге қарамастан жерлеу рәсіміне көп адам жиналған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!