24 желтоқсан 2018 13:01

Ақтаулықтар көктайғақтан әбігерге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © lada.kz Видеодан алынған кадр. © lada.kz

Бүгін көктайғақтың салдарынан ақтаулықтар көптеген қиындыққа тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Бүгін көктайғақтың салдарынан ақтаулықтар көптеген қиындыққа тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, олардың кейбіреулері жұмысқа дейін жете алмаған, ал мектеп оқушылары автобустар жүрмегендіктен сабаққа бармаған.

"Бүгін баламды балабақшаға апара алмадым. Автобустар жоқ, жолда көлік тоқтату мүмкін емес, себебі ешкім тоқтамайды да. Ал такси қызметіне хабарласу үшін 30 минутқа дейін күту керек. Диспетчер онда көліктің жететініне кепіл бере алмайтынын айтты", - дейді тұрғындардың бірі.

Осылайша, көктайғақ пен қатты желдің салдарынан көлік қозғалысы қиындаған.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети