01 қараша 2018 09:46

Ақтөбе - Атырау тасжолындағы құрылыста жұмысшы ұсақ тастардың астында қалып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе - Атырау тасжолындағы құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы ұсақ тастардың астында қалып қойған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе - Атырау тасжолындағы құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы ұсақ тастардың астында қалып қойған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Байған ауданында болған. Жұмысшы жол жөндеуге арналған құрылыс заттарын вагоннан түсіру кезінде ұсақ тасқа көміліп қалған.

Ол ұсақ тасты түсіру үшін вагонды ломмен ашқан. Сол кезде оның қақпағынан қатты соққы алған. Вагонға тиеліп тұрған тас төгіліп, ер адам үйіндінің астында қалып қойған. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

Аудандық ауруханадағылар бұл мәліметті растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети