Кеше Ақтөбеде драма театрының актерлері зардап шеккен жол апатын жасағандардың бірінің жүргізу куәлігі болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Кеше Ақтөбеде драма театрының актерлері зардап шеккен жол апатын жасағандардың бірінің жүргізу куәлігі болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
"20.35-те 105 номеріне хабарлама келіп түсті. УАЗ автомобилінің (актерлер болған көлік) жүргізушісі Космодемьянская көшесі жағынан келе жатып, солға қарай бұрылу сәтінде даңғылдың бойымен бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан ВАЗ 2109 автомобилін өткізбеген. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде жеңіл көліктің 23 жастағы жүргізушісінің көлік құралын жүргізуге куәлігінің болмағаны белгілі болды, яғни жүргізу куәлігінсіз болған", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.
Апаттың салдарынан ВАЗ 2109 көлігінің 13 жастағы жолаушысы ауруханаға, УАЗдың тағы екі жолаушысы Ақтөбедегі емханаға жеткізілді. Екеуі де мас болмаған.
Еске салайық, Ақтөбеде 31 қаңтар күні 11-ші және 12-ші ықшамаудандардың қиылысында жол апаты болды, салдарынан Тахауи Ақтанов атындағы драма театрының 8 қызметкері - әртістер, дыбыс операторлары, гардеробшы әйел, сонымен қатар, әртістердің бірінің 14 жастағы қызы түрлі жарақат алды.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жол апатына ұшыраған әртістердің ұжымдастарының бірі айтып берді. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша сағат 20.15-те болған. Театр қызметкерлері қойылымнан кейін УАЗ автомобилімен үйлеріне қайтып бара жатады. "Дастан" ауданында УАЗ көлігі ВАЗ-2109 автомобилімен үлкен жылдамдықта соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктегі екі адам далаға ұшып кетіпті.