Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбеде драма театрының ұжымы жол апатына ұшырады

02 Ақпан 2016, 10:31
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ақтөбеде 31 қаңтар күні 11-ші және 12-ші ықшамаудандардың қиылысында жол апаты болды, салдарынан Тахауи Ақтанов атындағы драма театрының 8 қызметкері - әртістер, дыбыс операторлары, гардеробшы әйел, сонымен қатар, әртістердің бірінің 14 жастағы қызы түрлі жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жол апатына ұшыраған әртістердің ұжымдастарының бірі айтып берді.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша сағат 20.15-те болған. Театр қызметкерлері қойылымнан кейін УАЗ автомобилімен үйлеріне қайтып бара жатады. "Дастан" ауданында УАЗ көлігі ВАЗ-2109 автомобилімен үлкен жылдамдықта соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктегі екі адам далаға ұшып кетіпті.

Қазіргі уақытта екі әртіс ауруханада жатыр. Бірінің бұғанасы сынса, екіншісі жұлын өзегі жарақатын алған. Ал 14 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Зардап шеккендердің арасында театр әртістері - Полина Савицкая, Руфина Ибрагимова, Татьяна Доценко, Виктория Пятова бар. Ибрагимова мен Доценко ауруханада жатыр.

"Осы апатты көргендерден немесе басқа да ақпарат білетіндерден хабарласуларын сұраймыз", - деп жазды әйел әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Instagram әлеуметтік желісіндегі zello_aktobe парақшасында жол апаты болған жерде түсірілген суреттер жарияланды.

 
© zello_aktobe


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай