18 шілде 2022 08:58

Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/zello_aktobe.04 © instagram/zello_aktobe.04

Ақтөбе облысының Алға қаласында жанармай құю бекеті жарылып, бірнеше көлікпен бірге өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысының Алға қаласында жанармай құю бекеті жарылып, бірнеше көлікпен бірге өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Жексенбі, 17 шілде кешке әлеуметтік желілерде жанармай құю бекеті жалынға оранып жатқаны түсірілген видео тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????? - ???????? ???? (@zello_aktobe.04)

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алға қаласындағы Абай көшесі бойында орналасқан "ЛиманГаз" жанармай құю бекетінде жарылыс болған. Жанармай құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр болатын екі цистерна жарылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне хабарлама 17 шілдеде сағат 18:50-де түскен.

"Құрамында 26 адам мен 7 техника бар қызметкерлер жедел түрде шақырту орнына жетті", - деді департамент өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт аймағынан екі техника мен көлемі 10 және 54 текше метрлік екі контейнерді шығарды.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:44-те оқшауланып, 20:02-де толық сөндірілді", - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети