Ақтөбе облысында киіктер жаппай қырыла бастады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Тобыл-Торғай резервациясының қызметкерлері Ырғыз қорығы аумағынан Қызыл кітапқа енген жануардың 63 өлексесін тапты.
Ақтөбе облысында киіктер жаппай қырыла бастады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Тобыл-Торғай резервациясының қызметкерлері Ырғыз қорығы аумағынан Қызыл кітапқа енген жануардың 63 өлексесін тапты.
Басылымның мәліметінше, инспекторлар жануарларды браконьерлердің қолынан қаза тапты деп ойлаған. Кейін жануарлардың мүйізіне де, етіне де тиісілмегені анықталды. Мамандар киіктер пастереллездің таралуынан өлуі мүмкін екенін айтты.
"Қазір Ырғыз ауданына облыс әкімінің орынбасары жүріп кетті. Арнайы комиссия құрылды. Киіктер пастереллездің таралуынан өлуі мүмкін", - деді Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.
Айта кетейік, Қостанай облысында да киіктер жаппай қырылып жатыр. Олардың саны қазір 20 мыңға жетті. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын-ала себеп пастереллез ауруы болып отыр.