Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны 20 мыңға жетіп қалды

20 Мамыр 2015, 13:03
0
© ҚР АШМ баспасөз қызметі
© ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны 20 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, бүгінгі таңда 19 231 өлексе көмілді. Оқиға орнында өлекселерді жинау мен жою жұмыстары жүріп жатыр, оған 515 адам мен 76 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, өлекселер жатқан аумақ 16 мың гектардан асып отыр. Жалоба аумағындағы киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады. Оқиға орнында тәулік бойы аудандық ІІБ мен Аманкелді аудандық "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты жұмыс істеп жатыр. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын-ала себеп пастереллез ауруы болып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай