01 тамыз 2021 16:11

Ақтөбе облысында машинист пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақтөбе облысында көбелек дернәсілі пойыз қозғалысына кедергі келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында көбелек дернәсілі пойыз қозғалысына кедергі келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пойыз жүргізушісінің "теміржолда құрттар қаптап, жүруге кедергі келтіргені" туралы видеосы пайда болды. Оның айтуынша, тепловоздың қозғалысына теміржолда қаптап кеткен жәндіктер кедергі болған.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, видео Ақтөбе облысында "Ақтөбе мыс компаниясы" жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін Көктау-Кемпірсай учаскесінде түсірілген.

Сонымен қатар, ҚТЖ пойыздарында мұндай мәселе туындамаған.

"Қазіргі уақытта Ақтөбе бөлімшесінде магистральды желіге көбелек дернәсілінің қаптауына байланысты дерек тіркелген жоқ. Жәндіктердің кесірінен пойыздардың кешігуі болған жоқ, пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - деді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети