20 желтоқсан 2016 15:19

Ақтөбе тұрғыны ұялы телефоны жарылып, ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ұялы телефоны жарылып, күйік алған қыз ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде ұялы телефоны жарылып, күйік алған қыз ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 18 желтоқсанда болған. Аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстанның айтуынша, зардап шеккен қыз 1988 жылғы. "Науқастың айтуынша, телефон қуат алып тұрған кезінде жарылған. Ол телефонын жанына қойып, ұйықтап қалған. Оның бетін, қолын және жамбасы және кеудесін күйік шалған. Оның жағдайы орта деңгейде деп бағаланып отыр", - деді бас дәрігер.

Ол телефон маркасының қандай екенін білмейтінін айтты. Науқастың ауруханада қанша уақыт жататыны да белгісіз. "Мұндайды болжай алмаймын. Сауғып кетпейінше, ауруханада болады. Денсаулығы қалай болатынын білмеймін. Қажетті ем алып жатыр", - деді бас дәрігер. 

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда тұңғыш рет iPhone смартфонының жарылғаны хабарланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети