03 наурыз 2018 09:34

Ақтөбеде 17 жастағы студент ұшты-күйлі жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 17 жастағы студент жоғалғанына екі апта өтсе де табылмай жатыр. Times kz мәліметінше, 17 ақпанда Ербола Әбдіғали көпқабатты үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жігіт ағасына демалысқа келіп жүрген.


Ақтөбеде 17 жастағы студент жоғалғанына екі апта өтсе де табылмай жатыр. Times kz мәліметінше, 17 ақпанда Ербола Әбдіғали көпқабатты үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жігіт ағасына демалысқа келіп жүрген.

"Ерболдың анасы 2013 жылы қайтыс болған, әкесі Комсомольское ауылында шаруа қожалығында жұмыс істейді. Ербол механик мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатқан Ойыл аграрлық колледжінің жатақханасында тұрады. Ақтөбеге ол ағасымен бірге нәпақа табуға барып жүрген. Туыстары Ерболдың қайда кеткенін білмейді", - дейді жоғалған жігіттің туысы Дархан Жаймағамбетов. 

Айтуынша, ағасы Ерболға Ойылға баратын ақша беріпті. Онымен сол күні байланыс үзілген. Сөйтсек, Ербол телефонын сатып жіберіпті, одан сатып алған адам тағы біреуге сатқан. Еріктілер Ақтөбеде Ерболдың суреті бар бағыттама іліп, жұрттан сұрастырып жүр. 

Жігіттің белгілері: бойы 170-175 сантиметр, арық келген, шашы қысқа, қара. Көзі қара. Жоғалған күні қара түсті бас киім мен күрте, көк джинс шалбары және қысқы қара кроссовка киген. Оның қара түсті сөмкесі болған. Қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефон нөмірлері бойынша хабарласу сұралады: 102, 72-98-02, 72-91-03, 72-98-52. Ұялы телефон: 8-777-800-33-41, 8-707-576-88-48, 8-702-364-78-38.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети