1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде 18 жастағы студент жоғалып кетті

Нұркен Жарылқасын © vk.com Нұркен Жарылқасын © vk.com

Ақтөбеде 18 жастағы студент Нұркен Жарылқасын жоғалып кетті. 1998 жылғы жігіт 12 мамырда таңғы уақытта оқуға кетіп, қайта оралмаған. "Белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр,дене бітімі қалыпты. Ақ жейде мен қара шалбар киген", - делінген әлеуметтік желіде таралып жатқан хабарламада. 

Жігітті еріктілер де іздеуге кіріскен. "20 мамырға еріктілер қажет. Бізге адамдар жетіспей жатыр, қосылыңыздар. Аяқ киім мен киім жылы болсын. Бей-жай қалмаңыздар. Байланыс телефоны - 8775 6459654", - делінген Instagram желісіндегі Zello Aktobe парақшасындағы хабарламада.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин Tengrinews.kz тілшісіне 17 мамырда іздестіру ісінің қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.


Нұркен Жарылқасын © vk.com