Ақтөбеде 7 жасар баланың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті

14 Қараша 2018, 20:34
0
видеодан үзінді
видеодан үзінді

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

"Первая помощь" ЖШС директоры Бақытжан Тұрметовтың айтуынша, Тілеу Сапаров жұмыстан кету туралы өтініш жазған. 9 қарашада жедел жәрдем станциясының ұжымына жаңа басшылықты таныстырылған. 

"Бас дәрігер отставкаға кетті. Бүгінде бас дәрігер болып Мұрат Хадрединұлы Жанқұлов тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оны ұжымға таныстырып үлгерді", - дейді Тұрметов. 

Басылым мәліметінше, төтенше жағдайдан кейін фельдшер, дәрігер және "103" диспетчері жұмыстан босатылған. Інжу Жанкинаның өліміне қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Істі Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алған. 

Айта кетейік, 3 қарашада Ақтөбеде 7 жасар Інжу Жанкина жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Туыстары жедел жәрдем каретасын 49 минут күткен. Дәрігерлер келген уақытта қыздың қайтыс болғанын айтқан. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай