13 желтоқсан 2019 11:48

Ақтөбеде 9 жасар қыз зорланды

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтөбеде 9 жасар қыз зорлық құрбаны болды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде 9 жасар қыз зорлық құрбаны болды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Қалалық полиция департаменті бұл деректі растады. Алайда ресми мәлімдемені кейінірек беретінін хабарлаған. Оқиға кеше, 12 желтоқсанда шамамен 14:00-де болған. 

Газет мәліметінше, жәбірленуші мектептен кейін үйіне келген. Күдікті есік қаққанымен, қыз бала ашпай қойған. Ер адам есікті қайта қағып, жәбірленушінің үйіне кіріп алған. Біраз уақыттан кейін үйіне келген әкесі қызын ауыр жағдайда көрген. Артынша оны ауруханаға апарған. 

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Ақтөбелік ата-аналардың чатында ер адам жол бойында кішкентай қыздарды әңгімеге айналдырып, мысықтар жайында сұрайды деген ескертулер айтылған. 

Желіде күдіктінің суреті тарап кеткен. Алайда жергілікті полиция өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети