Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде адамдар отырған аттракцион өртенді: оқиғаның видеосы жарияланды 22 маусым 2022, 17:17

Желіде Ақтөбедегі аттракцион түтіндеп, өрт шыққаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Желіде Ақтөбедегі аттракцион түтіндеп, өрт шыққаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар бірнеше күн бұрын Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілген. Қыздар "Түймедақ" аттракционына отырған. Олар аттракционның бір бөлігі түтіндеп жатқанын байқап, видеоға түсіріп алған.

"Түтіндеп жатыр, бір жағында біз отырмыз. Міне, жағдай осындай. (...) 500 теңге бересің, оған қоса "жанасың". Болып тұрады, "Түймедақ" шаршаған шығар", - делінген видеода.

Кадрлардан өрт шыққан кезде аттракциондағы адамдардың ешқайсы дүрбелең туғызбағаны, кейін әткеншек тоқтағанын көруге болады. Келушілердің ешқайсысы зардап шекпеген.

@zinovich.c А тут загорелись 😂 #актобе #актобеказахстан #актобетикток #fup #fyp #fypシ ♬ оригинальный звук - zinovich.с

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram