Ақтөбеде әжей мен немересін көлік қағып кетті. Зейнеткер қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде әжей мен немересін көлік қағып кетті. Зейнеткер қаза болды diapazon.kz

Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кетті, қария көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.


Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кетті, қария көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Жол апаты 3 қыркүйекте шамамен 18:10-да "Әлия" базары маңында, Әлия Молдағұлова даңғылында болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Lada-21901 автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесі бағытына қарай жүріп бара жатып, 65 жастағы әйел мен оның тоғыз жастағы немересін қағып кеткен. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, онда зейнеткер алған жарақаттарынан көз жұмды.

Полиция өкілдері бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, көлік коммуналдық тұраққа қойылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.92   542.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер