22 қыркүйек 2018 12:00

Ақтөбеде егіз балалардың анасы жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Ақтөбеде бір айға жуық уақыттан бері "Алтын бала" балабақшасының тәрбиелеушісі - 24 жастағы Айдана Мұхамеджанова іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".


Ақтөбеде бір айға жуық уақыттан бері "Алтын бала" балабақшасының тәрбиелеушісі - 24 жастағы Айдана Мұхамеджанова іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".

Екі егіздің анасы 28 тамызда жоғалып кеткен. "Сол күні ол жұмысқа түскі бірде келіп, екінші тәрбиешіден балалармен отыра тұруын өтініп, бір сағатқа сұранып кеткен, - дейді балабақша меңгерушісі Динара Төребаева. - Ол бір жаққа барып келуі керек болаты. Өз заттарын жинап: киімдері мен ноутбугын алды. Содан кейін белгісіз бағытта кетіп, жұмысқа қайтып оралмады".

Әйел адамның жоғалып кеткені туралы жұмыстағылары 3 қыркүйекте білген. 

"Біз оның үйне ескерту хатын жібердік, тәрбиешінің күйеуі бізге түсініктеме жазып берді. Ол Айдананың іздестіріліп жатқанын айтты", - дейді Төребаева. 

"Оның мінезі жақсы болатын, ешкіммен жанжалдаспайтын. Балаларды қатты жақсы көретін, өзінің де өзгенің де. Оның жоғалып кеткені барлығымызды таңдандырды. Екінші тәрбиешінің айтуынша, сол күні оның көңіл күйі жақсы болған. Сол тәрбиешіден басқа, Айдананы ешкім көрмеген", + дейді балабақша меңгерушісі. 

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі іздеу шаралары қалай жүріп жатқаны туралы айтудан бас тартты. "Әзірге мәлімет жоқ. Іздеу жалғасып жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети