02 қыркүйек 2021 15:03

Ақтөбеде ғимарат құлады: қабырғасы сынған әйел ауруханаға жатқызылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Даму" қорының Ақтөбе филиалындағы ғимаратында шатыр мен екінші қабат құлады. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" филиалының қызметкері ауыр жарақат алды. Оның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Даму" қорының Ақтөбе филиалындағы ғимаратында шатыр мен екінші қабат құлады. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" филиалының қызметкері ауыр жарақат алды. Оның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1988 жылы туған М. есімді зардап шегуші ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Оның бірнеше қабырғасы сынған, жабық ми жарақаты бар. Дәрігерлер оны қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - деп түсіндірді Рүстем Исаев.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кеше 19 сағат 25 минутта екінші қабат пен шатыр құлағаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай орнына құтқарушылар дереу жетті. Қоқыс астынан 5 адам шығарылды.

"Шатыр мен қабырғаның құлау себебін мамандар анықтайды. Істің барлық материалы полицияға тапсырылды", - дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлжанат Нағиметова. Сондай-ақ, ПД баспасөз қызметі өкілі ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Құлағаннан кейін ғимарат аумағын біздің қызметкерлер қоршады, оқиға орнында алдын ала тексеру жүргізілді, нәтижесінде 156-бап, 2-бөлім бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұл апат ғимаратты жалға алған бірнеше ірі ұйымның жұмысына да кедергі келтірді. Ғимаратта "Даму" және АШҚҚҚ-дан басқа, бұл "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалы, "Алға КТ" ЖШС, сондай-ақ жеке нотариус және бағалау компаниясы бар. Осы ғимаратта жұмыс істеген ұйымдардың басшылығы әзірге түсінік беруден бас тартып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети