1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты13 тамыз 2020, 17:02

Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамыз сағат 04.00-де Қобда ауданының тұрғыны “Аudi 100 C4″ автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден "Самара-Шымкент" автожолымен Алға ауданы Сарытоғай ауылының маңында Қобда ауылы бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Ақмола облысы Щучинск қаласының тұрғыны отырған Iveco МІ 80E маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Аudi 100 C4 автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!