01 маусым 2022 12:28

Ақтөбеде жоғалған 9 жастағы бала бидай резервуарынан табылды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жоғалған 9 жастағы бала бидай резервуарынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде жоғалған 9 жастағы бала бидай резервуарынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 жастағы бала ойнап жүріп, Ақтөбедегі қараусыз қалған элеватордың резервуарына құлаған. 

Ақтөбе полициясының мәліметінше, 30 мамырда 2013 жылғы баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын өткізіп, оқушы болуы мүмкін барлық орынды тексерген.

"Элеваторный көшесінде орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр бидай резервуарынан кәмелетке толмаған бала табылды, жағдайы ауыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция мен құтқарушылар кәмелетке толмаған баланы резервуардан шығарған. Оқушы Ана мен баланы қорғау орталығының реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети