Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ақтөбеде қорланған ескерткіш бейнеленген суреттің 6 жыл бұрын түсірілгені анықталды

14 Сәуір 2015, 17:26
2
YouTube видеоролигінен алынған кадр
YouTube видеоролигінен алынған кадр

Ақтөбеде қорланған ескерткіш бейнеленген суреттің 6 жыл бұрын түсірілгені анықталды, - деп хабарлайды "Мой город".

Порталдың мәліметінше, жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 3-тен 7 жылға дейін бостандықты шектеу жазасы қарастырылған.

"Суреттің 2009 жылы түсірілгені анықталды. Ол кезде жігіт 18 жаста болған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, кеше, 13 сәуірде полицейлердің Ақтөбедегі ескерткішті қорлаған адамды тапқаны хабарланған болатын. Ол 2015 жылы 10 сәуірде табылды. Полицияның мәліметінше, ол Ақтөбенің 24 жастағы тұрғыны. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ескерткіштің мәртебесін анықтау үшін қалалық мәдениет басқармасына сауал жолдады. Айта кетейік, жігітке қолданылатын шараның қандай болатыны осыған байланысты. Мәдениет басқармасының өкілдері жауапты 10 күннің ішінде беруге уәде етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғыны Динара Бүкенбаеваның ер адамды жауапкершілікке тарту туралы полицияға арыз түсіргені анықталған болатын. Қаланың көптеген тұрғыны үшін қорлау болып саналатын, үстінде жас жігіт отырған бұл сурет әлеуметтік желіде пайда болды. "Бұл менің наразылығымды тудырды. Ол ескерткішке мініп қана қоймай, суретке түскен. Менің білуімше, бұл әрекет заңға қайшы. Бүгін осылай ескерткіштің үстіне шығып алса, ертең ескерткішке не істейтінін ешкім білмейді. Келесіде Мәңгілік алауды бүлдіреді, батырлардың ескерткіштеріне де мінеді. Мен суреттегі жігіттің ісіне шара қолданылуын сұрап "Электрондық үкімет" порталы арқылы арыз бердім", - деді Бүкенбаева. Айта кетейік, ескерткіш 2006 жылы тілшілердің еңбегін бағалау мақсатында газет редакциясына қарама-қарсы жерде ашылған. Ескерткіштегі адам мүсінінің қолында кітап бар. Бұзақы сол кітапқа отырып суретке түскен.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай