15 қаңтар 2015 | 18:01

Ақтөбеде күзетшілердің мектеп оқушыларын ұрғаны туралы дерек расталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube ©YouTube

Ақтөбедегі мектеп оқушыларын күзетшілердің ұрғаны туралы мәлімет расталмады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін №23 мектеп оқушыларының ата-аналары бесінші сыныптың үш оқушысын күзетшілер ұрып-соқты деген болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбедегі мектеп оқушыларын күзетшілердің ұрғаны туралы мәлімет расталмады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін №23 мектеп оқушыларының ата-аналары бесінші сыныптың үш оқушысын күзетшілер ұрып-соқты деген болатын.

Прокуратура "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық нышандар құрамы болмағандықтан, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды. Полиция мәліметтері бойынша, жиналған материалдар мектеп тәртібін қадағалаумен айналысқан "Бүркіт" патриоттар клубы қызметкерлерінің кінәсін дәлелдей алмады. Сонымен қатар, ішкі істер департаменті оқушылардың ата-аналары сот - медициналық сараптамадан өтуден бас тартқанын хабарлады.

"Ұрып-соғудың белгілері табылмады, сонымен қатар олар медициналық көмекке жүгінбеген. "Бүркіт" клубы қызметкерлерінің айтуынша, олар балаларды қорғап, мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Өткен жылдың 25 желтоқсанында ата-аналар комитетінің үнемі тәртіп бұзатын оқушыларға қатысты өтініштерінен кейін олар 5-сынып оқушыларын профилактикалық кеңес жүргізу үшін шақырған. Бірақ ол кезде физикалық және психологиялық қысым көрсетілмеген", - деп хабарлады полиция. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектептегі тәртіпті ақылы түрде қадағалаумен айналысқан "Бүркіт" патриоттар клубының тәлімгерлері 5-сынып оқитын үш баланы ұрып-соқты, - деп хабарланған болатын. "Бүркіт" клубының тәлімгерлері оларды таяқ жеген балалардың ата-анасынан тізерлеп отырып кешірім сұрауға мәжбүрлеген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети