15 қаңтар 2015 08:21

Ақтөбеде мектеп күзетшілері 5-сынып оқушыларын қорлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube ©Youtube

Ақтөбеде мектептегі тәртіпті ақылы түрде қадағалаумен айналысқан "Бүркіт" патриоттар клубының тәлімгерлері 5-сынып оқитын үш баланы ұрып-соқты, - деп хабарлайды "Диапазон". "Бүркіт" клубының тәлімгерлері оларды таяқ жеген балалардың ата-анасынан тізерлеп отырып кешірім сұрауға мәжбүрлеген.


Ақтөбеде мектептегі тәртіпті ақылы түрде қадағалаумен айналысқан "Бүркіт" патриоттар клубының тәлімгерлері 5-сынып оқитын үш баланы ұрып-соқты, - деп хабарлайды "Диапазон". "Бүркіт" клубының тәлімгерлері оларды таяқ жеген балалардың ата-анасынан тізерлеп отырып кешірім сұрауға мәжбүрлеген.

Оқиға желтоқсан айының соңында №23 мектепте болды. Зәбірленген балалардың бірінің анасы Юлия Чувильская сол күні "Бүркіт" клубының екі жігітінің бес оқушыны асханаға қарама-қарсы тұрған сыныпқа кіргізгенін айтып берді. Олар үш баланы ұра бастайды. "Балалардың қолынан, аяғынан, ішінен шәйнектің сымымен ұрды, бұрауышпен ұрды, жерден көтерілу жаттығуын жасатып, тізерлеп отырғызды, оларға "ақымақ" деген сөз айтты", - деді Чувильская.

Күзетшілер балаларды ата-аналарының "Бүркіт" клубының қызметіне шағымданғаны себепті ұрған. Олар балаларды 1,5 сағат бойы қамап ұстады, оқытушылардың ешқайсысы оларды іздемеген. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор оқиға жайлы балалардан екі күн өткеннен кейін ғана жауап алып, сот-медициналық сараптама қорытындысын сұраған. 

Мектеп директоры Гүлнара Нарымбетова мектептің "Бүркіт" клубымен келісімшартты үзгенін және оқиғадан кейін келесі күні полиция мен білім беру бөліміне хабар бергенін мәлімдеді. "Біз оқиғаны жасырмадық. Бұл бізге де ауыр тиді, салақтық көрсеткенімізді мойындаймыз, балаларды бақыламадық. Ән сабағының мұғалімі балалардың он минут уақытқа кешігіп келгенін айтты. Оған сенбей қоюға негіз жоқ. "Бүркіт" қызметкерлері балалардың мәселесін директор орынбасарымен бірге шешеді, бірақ олар балалармен жалғыз қалмайды. Сондықтан мұғалім оқушылардың "Бүркіт" қызметкерлерімен бірге болғанын естігенде директор орынбасарының бөлмесінде екен деп ойлаған. Барлығы жазаланды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі бұл сыныпта сабақ бермейтін болды, ән сабағының мұғалімі жазаланды, ал директордың орынбасары қызметінен босатылды", - деді директор.

Сонымен қатар, "Диапазон" басылымы полиция капитаны Серік Сағиевтің жаппай төбелестер мен жасөспірімдер арасындағы тәртіпті сақтау үшін "Бүркіт" патриоттар клубын 2006 жылы құрғанын жазады. Оның құрамына жоғары сынып оқушылары мен студенттер кірді. Тәлімгерлер өзін-өзі қорғау курстарынан өткен. 2012 жылы полицейлер "Бүркіт" бақылайтын мектептерде құқықбұзушылықтардың азайғанын хабарлаған еді. Клубтың басшысынан болған оқиғаға байланысты пікір алу мүмкін болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети