ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2019 | 14:27
Ақтөбеде оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: Салонда екі жасар сәби болған
Автобус аударылып, қазір 9 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың біреуі 2 жастағы сәби, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автобус аударылып, қазір 9 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың біреуі 2 жастағы сәби, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
"Балалардың жағдайы тұрақты. Қазіргі кезде облыстық балалар ауруханасында тоғызы ем қабылдап жатыр. Олардың біреуі екі жастағы сәби. Алғаш кезде бас-ми жарақатымен жансақтау бөліміне жатқызылды, бүгін жалпы палатаға шығарамыз. Оқушылардың көбі бас-ми, кесілген жарақат алған. Сонымен қатар үш адам жедел жәрдем ауруханасында, тағы үшеуі темір жол аураханасында ем қабылдауда. Олардың бұғанасы, омыртқасы, аяғы сынған. Талағы жыртылып кеткен науқасқа ота жасалды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Айта кетейік, 5 қазанда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, оқушылар мен ата-аналар зардап шекті. Олар сол күні табиғат аясында демалыс ұйымдастырмақ болған. Салдарынан №9 мектеп-гимназияның балалары ауруханаға түсті. Оқиға орнына 7 жедел жәрдем бригадасы барып, 16 бала мен 3 ересек адамды ауруханаға жеткізді. Алдын ала белгілі болғаны - автобус жол ережесін бұзған.
Показать комментарии
Читайте также