05 қазан 2019 15:22

Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы Ақтөбеден 13 шақырым жерде "Солтүстік айналма" тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қала жақтан келе жатқан. Жол қозғалысы ережесін бұзып, Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің тізгінінде Тәжікстан азаматы болған. 

Жол апаты салдарынан автобус бір жанына аударылған. Автобус салонында 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған. Оқиға орнынан 16 бала ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына үш ересек адам жеткізілген. 

"Оқиға орнында полицейлер, ТЖ қызметкерлері және медицина саласының мамандары көмек көрсетіп жатыр. Ұйымдастырушылар автобустың полицияға ілесіп жүруі туралы өтініш берілмеген", - делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хабарламасында. 


Сурет Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети