Ақтөбеде оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: Салонда екі жасар сәби болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: Салонда екі жасар сәби болған

Автобус аударылып, қазір 9 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың біреуі 2 жастағы сәби, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".


"Балалардың жағдайы тұрақты. Қазіргі кезде облыстық балалар ауруханасында тоғызы ем қабылдап жатыр. Олардың біреуі екі жастағы сәби. Алғаш кезде бас-ми жарақатымен жансақтау бөліміне жатқызылды, бүгін жалпы палатаға шығарамыз. Оқушылардың көбі бас-ми, кесілген жарақат алған. Сонымен қатар үш адам жедел жәрдем ауруханасында, тағы үшеуі темір жол аураханасында ем қабылдауда. Олардың бұғанасы, омыртқасы, аяғы сынған. Талағы жыртылып кеткен науқасқа ота жасалды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, 5 қазанда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, оқушылар мен ата-аналар зардап шекті. Олар сол күні табиғат аясында демалыс ұйымдастырмақ болған. Салдарынан №9 мектеп-гимназияның балалары ауруханаға түсті. Оқиға орнына 7 жедел жәрдем бригадасы барып, 16 бала мен 3 ересек адамды ауруханаға жеткізді. Алдын ала белгілі болғаны - автобус жол ережесін бұзған.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +25
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +19
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер