06 желтоқсан 2019 12:12

Ақтөбеде селфи түсірмек болған қыз қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті. Ол ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбеде селфи түсіріп тұрған қызды пойыз қағып кетті. Ол ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"4 желтоқсанда 23:00 шамасында Авиақалашық аумағындағы темір жол бойында қайғылы жағдай болды. Екі қыз қозғалып бара жатқан пойыздың фонында селфи түсірген, соның салдарынан пойыз бар жылдамдығымен бір қызды қағып кеткен. Қыз бала Ақтөбе ауруханасына жеткізілген, алайда ол таңға жуық қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында. 

Ақтөбе облысында қараша айында жолдарда 43 жаяу жүргінші зардап шеккен, оның алтауы қаза тапты, 39-ы жарақат алды, ал жыл басынан бері 17 адам қаза тауып, 300-ден аса жаяу жүргінші зардап шеккен. 304 қағып кету дерегінің 108-і жаяу жүргіншіге арналған жолда болған, қалған 196-сы рұқсат етілмеген аймақта болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети