1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде төртінші қабаттан құлаған бала тірі қалды 20 мамыр 2021, 09:01

Ақтөбеде төрт жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап, тірі қалды. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ақтөбеде төрт жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап, тірі қалды. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 мамырда сағат 19.20 шамасында Мұнайшылар көшесіндегі көпқабатты үйдің төртінші қабатынан 4 жасар бала құлап кетті.

Анасының айтуынша, ол қызын ұйықтатып жатқанда кішкентай ұлы қонақтар бөлмесінің терезесінен абайсызда құлап кеткен.

"Балалар жарақат алуының басты себебі - ересектердің қараусыз қалдыруы", - деді Ақтөбе облысының ПД басшысы Атығай Арыстанов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында үш бала терезеден құлап кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram