22 наурыз 2022 09:42

"Алатау жарық компаниясының" экс-басшысы Мұхит Үмбетов жол апатынан қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ales.kz Сурет: ales.kz

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, "Алатау жарық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Мұхит Үмбетов жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Алматы электр станциясының сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облыстық мәслихатының депутаты, "Алатау жарық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Мұхит Үмбетов жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Алматы электр станциясының сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 2022 жылы 19 наурызда болған. Мұхит Үмбетов 62 жаста еді.

"Ол 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Мұхит Әбікеұлы бүкіл өмірін осы салаға, электр энергетикасына арнаған. Ол №3 монтаждау басқармасының электр монтаждаушысы қызметінен (1984 жыл) бастап, Қазақстанның ірі электр желілік компанияларының бірі - "АЖК" АҚ-ның бірінші басшысы болып 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеді.

Мұхит Әбікеұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі (2008 жыл), ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі (2010 жыл); мінсіз әрі адал еңбегі үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасының "Құрмет" және 2017 жылы "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен наградталған.

Оның артында сүйікті жары, балалары мен немерелері қалды. Оның өмірі - өзі тәрбиелеген электр энергетиктер үшін Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі.

"Алматы электр станциялары" АҚ ұжымы мезгілсіз өмірден өткен Мұхит Әбікейұлы Үмбетовтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети