Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алжирдің жоғалған ұшағы апатқа ұшырады - БАҚ

24 Шілде 2014, 18:05
0
©20minutes.fr
©20minutes.fr

Air Algeria компаниясының жоғалып кеткен ұшағы апатқа ұшыраған. Бұл туралы Алжир бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған ағылшынның Mirror басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, лайнер Нигер өзеніне құлаған. Ал CCTVNews әуе көлігінің Нигер астанасы - Ниамейге жақын маңға құлағанын хабарлады. 

Нақтыланған мәлімет бойынша, Air Algeria компаниясының ұшағында 116 адам болған, оның алтауы - экипаждың мүшесі. Жолаушылардың дені - француздар. AFP ұшақ Мали әуе кеңістігінде болған кезде байланыстан ажырағанын хабарлады. "Экипаж көріну мүмкіндігінің нашарлығына байланысты Алжир - Бамако бағытындағы өзге әуе көлігімен соқтықпасы үшін ұшақтан ілмек жасап орағыта ұшуды сұраған кезде ол Алжир шекарасынан алыс емес жерде болатын", - дейді Air Algerie компаниясындағы ақпарат көзі. Оның мәліметінше, жолаушылар ұшағы бағытын өзгерткен кезде одан байланыс үзілген. Мали билігі Air Algerie ұшағы құмды дауылға тап болуы мүмкін деп топшылайды. 

AFP-ның мәліметінше, жоғалып кеткен ұшақ - AH5017. Моделі - McDonnell Douglas DC-9, ол 135 адамға дейін тасымалдай алады. Жолаушылар ұшағы португалиялық фирмадан жалға алыныпты. Ал РИА Новости Algerie1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап, A320 лайнерімен байланыс үзілгенін хабарлады. Ұшақтың бортында, кем дегенде, 112 жолаушы болған. Бейресми мәлімет бойынша, жолаушылардың төртеуі ғана - Алжир азаматы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай