Алматы-Атырау жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Атырау жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті Фото obozrevatel.com сайтынан алынды

"№41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті", - деп хабарлайды Tengrinews.kz  24.kz телеарнасына сілтеме жасап.


"№41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті", - деп хабарлайды Tengrinews.kz  24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Жолаушылардың бірінің сөзіне қарағанда, жарақат алғандар бар, бірақ олардың саны әзірге беймәлім. 16 вагонның оны аударылған. "Біз шәй ішіп отырғанбыз. Бір кезде вогондар шайқалып, аударылды. Жолаушылар арасында аяғы, мұрны сынғандар бар, жарақат алғандар көп. Жедел жәрдем келіп, оларды алып кетті" - дейді пойыз жолаушысы Талант Есқалиев.

Баспасөз қызметі бұл пойызға 580 билет сатылғанын мәлімдеді. Қазір Атыраудан екі тікұшақ апат орнына жол тартты. Сондай-ақ, оқиға орнына қалпына келтіруші пойыз бен жолаушылар үшін автобус жіберілді. Олар жолаушыларды жақын маңдағы Мақат стансасына жеткізетін болады.

Төтенше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +22
Ақтау +20
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +18
П
Павлодар +22
Петропавл +12
С
Семей +15
Т
Талдықорған +18
Тараз +23
Түркістан +24
О
Орал +8
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +18

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер