Алматы метросында жарылғыш зат табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросында жарылғыш зат табылмады

Алматы метросының барлық станциясында тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының барлық станциясында тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22:49-да Алматы метрополитеннің барлық станциясында тексеру жұмыстары аяқталды. Жарылғыш зат табылмады. Жарылғыш заттың қойылғаны туралы мәлімет расталмады. Метрополитен жұмысы қайта іске қосылды", + деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ранее стало известно, что со всех станций метрополитена Алматы началась эвакуация. Были остановлены подвижные составы, людей выводили из подземки. 

Еске салайық, Алматыда метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатқаны хабарланған. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіндегілер метро ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы аноним қоңырау түскенін мәлімдеді. 

"Аноним қоңырау шамамен сағат 19:00-де ішкі істер бөліміне түскен және онда метрода жарылғыш заттың орнатылғаны хабарланған. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, барлық станциядан адамдар эвакуацияланды", - деді "Метрополитен" баспасөз қызметінің өкілі Ажар Хабиева. 

"Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды алаңдамауға және сабырлық сақтауға шақырамыз. Толығырақ ақпарат кейінірек жағдайға байланысты таратылатын болады", - деді Алматы ІІД өкілі.

 

"Жолаушыларды түсіріп тастады. Екі құрамда тоқтап тұр. Байқоңыр станциясында адамдарды эвакуациялап жатыр", - дейді біреулер.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети