Алматы облысында 170 бас қой өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 170 бас қой өртеніп кетті ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы облысының шаруа қожалықтарының бірінде 170 бас қой өртеніп кетті деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының шаруа қожалықтарының бірінде 170 бас қой өртеніп кетті деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"07.04.2014 күні сағат 13.54-те Алматы облысы, Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округіндегі "Өміржан-Бертіс" шаруа қожалығының мал қорасында өрт болды. Өрт 17.26-да ауыздықталып, 17.43-те залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан төрт адам мен екі техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өртенген аудан - 693 шаршы метр. Тілсіз жаудың салдарынан 170 бас қой қырылып қалды. 

Еске салайық, қаңтар айының соңында Шығыс Қазақстан облысында 200 бас қой-ешкі мен үш бас жылқы өртеніп кеткен еді. Төтенше оқиға Жарма ауданындағы Қалбатау ауылдық округіндегі "Мерей" шаруа қожалығында болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети