1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысында 200 бас мал өртеніп кетті

Фото Lenta-ua.net сайтынан Фото Lenta-ua.net сайтынан
Шығыс Қазақстан облысында 200 бас мал өртеніп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Өрт қаңтардың 19-ына қараған түні "Мерей" шаруа қожалығында болды. Қой қораның төбесі жанып, жалын бірнеше сағат бойы жайылған. Тілсіз жау таңға жақын ауыздықталды, өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше оқиғаның салдарынан 200 бас ұсақ жандық пен үш жылқы өліп қалды. Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында осындай оқиға
Алматы облысында болған еді. Ескелді ауданындағы "Алдабергенов" қожалығында 23 бас ірі қара от ішінде қалып қойып, қырылған болатын. Өрт 760 шаршы метрді шарпыды. Сондай-ақ, 2013 жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысында 2000 бас ірі қараның өртелгені белгілі. Бірақ бұл аусыл жұқтырған малдар болатын, мамандар індетті таратпау үшін мұндай шараны әдейі қолға алды.