Алматыда арыққа батып кеткен қыз: Оқиға орнынан жаңа видеолар жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арыққа батып кеткен қыз: Оқиға орнынан жаңа видеолар жарияланды

Әлеуметтік желілерде арыққа батып кеткен 23 жасар қыз опат болған жерде түсірілген жаңа видеолар жарияланып жатыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде арыққа батып кеткен 23 жасар қыз опат болған жерде түсірілген жаңа видеолар жарияланып жатыр. 

"Кинодан шығып, қарасақ - адамдар айғайлап жүр. Тоқтадық. Мұның алдында сұмдық жаңбыр құйған еді. Қызды арық суы сорып әкеткен. Арықтан шыға алмай қалыпты, өкінішті. Құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, бірақ одан не пайда? Су тоқтаусыз келіп жатыр. Фурманов - әл-Фараби. Таң атты. Арықта жатқанына 2-3 сағат болды", - дейді видеоны түсіріп тұрған адам. 

"Екі мотор әкеліпті, біреуі жұмыс істемейді. Қазір екіншісі келіп жатыр. Бүлінген техниканы мұнда әкелудің не қажеті бар? Үш сағат болды тұрғандарына", - дейді тағы бір роликтің авторы.  

Ал осыған дейін Алматы ІІД өкілдері арық ішінде қайтыс болған қыз туралы мән-жайды айтып берген еді. Қайғылы оқиғаға дейін ол бір топ адаммен көңіл көтеріп, қайтып келе жатқан. Арықтан секіріп өтпекші болған қыз, шалынысып құлаған, сол мезетте оны ағын су алып кеткен.

"Оқиға орнына келген құтқарушыларға куәгерлер 1995 жылғы А. деген азаматшаның жақын маңдағы өту жолын қолданбай, арықтан секіріп өтпек болғанын айтып берген. Салдарынан тайып кеткен қыз арыққа құлап, оны ағын су әкеткен. Содан жол астындағы арық құбырына кіріп кетіп, тіреліп қалған", - деп баяндады қалалық ІІД өкілдері қайғылы оқиғаны.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети