Арыққа құлап, опат болған қызға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

07 Маусым 2017, 18:09
0
Арыққа құлап, опат болған қызға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы ІІД өкілдері арық ішінде қайтыс болған қыз туралы мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиғаға дейін ол бір топ адаммен көңіл көтеріп, қайтып келе жатқан. Арықтан секіріп өтпекші болған қыз, шалынысып құлаған, сол мезетте оны ағын су алып кеткен. 

"Оқиға орнына келген құтқарушыларға куәгерлер 1995 жылғы А. деген азаматшаның жақын маңдағы өту жолын қолданбай, арықтан секіріп өтпек болғанын айтып берген. Салдарынан тайып кеткен қыз арыққа құлап, оны ағын су әкеткен. Содан жол астындағы арық құбырына кіріп кетіп, тіреліп қалған", - деп баяндады қалалық ІІД өкілдері қайғылы оқиғаны.

Оның жанында болғандар жәбірленушіге көмектесе алмай қалған. Мәйітті алып шығу үшін құтқарушылар тексеруге арналған люкті ашып, бетон қоршауды сындыруға мәжбүр болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан қызбен бірге оқиға алдында келе жатқандар қаладағы көңіл көтеру мекемелерінің бірінде уақыт өткізген, алкоголь ішімдік ішкен", - дейді ІІД өкілдері.

Адам өлімі дерегі соталды тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиға бойынша материалдар Медеу аудандық ІІД өндірісінде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай