Алматыда бірдей нөмір таққан Gelandewagen автокөліктері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірдей нөмір таққан Gelandewagen автокөліктері іздестіріліп жатыр

Tengrinews.kz редакциясына куәгер түсірген суретін жіберген, онда екі бірдей Mercedes Gelandewagen маркалы көліктер бірдей нөмір белгілерімен жүрген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясына куәгер түсірген суретін жіберген, онда екі бірдей Mercedes Gelandewagen маркалы көліктер бірдей нөмір белгілерімен жүрген. 

Сурет 21 қыркүйекте Сәтбаев көшесіне жетпей Достық даңғылының бойында түсірілген. 

Тілшілердің полицияға хабарласуынан кейін ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек департамент басшысының тапсырмасымен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Тексеру және анықтау үшін іс материалдары жергілікті полиция қызметіне жіберілген", - деді Әзірбек. 

Еске салайық, осындай жағдай Астанада 2014 жылы ақпан айында болған. Mazda CX7 көлігінің иесі өз көлігінің көшірмесін көрген, тіпті ол машинаның мемлекеттік нөміріне дейін бірдей. "9 ақпан күні Сарайшық көшесінде жалған мемлекеттік нөмірі бар, агрегаттық мәліметтері ұрылып-соғылған ақ түсті Mazda CX-7 табылғанын хабарлаймыз. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл автокөліктің өткен жылдың 22 мамырында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан ұрланғаны анықталды", - деген болатын Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети