Астанада табылған егіз көліктің бірі Мәскеуден ұрланған

19 Ақпан 2014, 11:35
0
Астанада табылған егіз көліктің бірі Мәскеуден ұрланған - Фото ашық ақпарат көзінен алынды
Фото ашық ақпарат көзінен алынды
Астанада пайда болған егіз автокөліктің бірі Мәскеуден ұрланған, бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 ақпан күні Сарайшық көшесінде жалған мемлекеттік нөмірі бар, агрегаттық мәліметтері ұрылып-соғылған ақ түсті Mazda CX-7 табылғанын хабарлаймыз. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл автокөліктің өткен жылдың 22 мамырында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан ұрланғаны анықталды", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта астаналық тәртіп сақшылары Ресейдің Ішкі істер министрлігіне осы жайтқа байланысты қатынасхат жолдаған, сонымен бірге, трасологиялық сараптама тағайындалды. Тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада Астанада жас жігіт Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанынан өз көлігінен аумайтын машинаны байқаған, ол көліктің маркасы ғана емес, мемлекеттік нөмірлері де бірдей болып шықты.

Кейін Астанада мемлекеттік нөмірлері бір-бірінен аумайтын тағы екі автокөлік анықталды. Рулінде әйел адам отырған Land Rover-дің мемлекеттік нөмірі жалған болып шықты. Жол-патруль полицейлерінің мәліметінше, биыл жалған мемлекеттік нөмірі бар көліктер бес рет анықталған, төрт дерек толық әшкереленді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай